ЖаңалықтарСаясат

«ӘР АЗАМАТ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҒЫНА АТСАЛЫСАДЫ» 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде болып, оқу орнының техникалық бағытта мамандар дайындау бойынша жұмыстарымен танысты. Білім беру саласындағы атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, елімізде техникалық мамандар дайындауға басымдық беріліп жатқанын айтты.Сонымен қатар, конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша алдағы өтетін республикалық референдумның маңыздылығын профессорлық-оқытушылық құраммен талқылап, ол өзгерістердің еліміздің ертеңгі жарқын болашағына тиер септігі мол екенін айтылды.

Оқу орынның ұжымы еліміздің басты құжаты конституцияға енгізілетін өзгерістерді бірауыздан қолдайтынын жеткізіп, 5 маусымда өтетін республикалық референдумға белсене қатысатынын мәлімдеді.

-Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің табысты болашағын құруға шынайы атсалысуға мүмкіндік алады. Бұл ұсынылып отырған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысып, жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосады деп есептеймін, — деді Сенатор.

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Алдыңғы

СЕНАТОР ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *