Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды. Бүгінде ауданда мердігер анықталып, негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде.

Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамдық көшелер аптасына бір рет тазаланады.

Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам, 20 техника бөлінген. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Журналистер одағы БАҚ саласы қызметкерлері күніне орай байқау жариялайды  

Алдыңғы

«ӘР АЗАМАТ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҒЫНА АТСАЛЫСАДЫ» 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *