Жаңалықтар

МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАСТЫ НАЗАРДА

Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында осы жылдың бірінші тоқсанында қаладағы бірқатар медицина мекемелері жаңа қызметпен және жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Тлеуов есеп берді. Сала маманы есепті кезеңде қалалық балалар ауруханасында онкогематология, кардиохирургия, нейрохирургия бөлімшелері ашылғанын, сонымен бірге №2 қалалық аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография қызметі көрсетіліп, стендттеу жоспарланып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, қалада жыл басынан бері 2 жаңа медициналық орталық ашылып, қалалық балалар ауруханасында ангиограф құрылғысы орнатылған. Алдағы уақытта 1,1 млрд теңгеге 10 медициналық жабдық сатып алу жоспарлануда.

Мамандардың біліктілігін арттыру жайын баяндаған сала жетекшісі бірінші тоқсанда 259 медициналық қызметкер біліктілігін арттырғанын және №1 қалалық клиникалық аурухана базасында Ресей мемлекеті мамандарымен травмотология бойынша мастер-класс өткізілгенін жеткізді.

— Әр аурухананың кемі 5 жылдық даму жоспары, оған сәйкес кезеңдік индикаторлары болуы тиіс. Жүйелі жұмыс пен нақтыланған мақсат болған кезде ғана медицина саласында қарқынды дамуға қол жеткізу мүмкін. Статистиканы қолдана отырып, қай жағынан болсын өсім динамикасына алдын ала дайын болуымыз қажет. Бұл бағытта денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері тікелей жауапты — деді қала басшысы. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласын дамыту және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ  

Алдыңғы

ҚАЛАМГЕРЛЕР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *