ӘлеуметЖаңалықтар

МИРАС ШАҒЫНАУДАНЫНДА 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНАДЫ    

Қаратау ауданы Мирас шағынауданында өткен жылы Қарабура әулие, Кемеқалған көшелері жарықтанды. Биыл Мирас көшесі, 2023 жылы Баққон көшесіне кешкі жарық шамы орнатылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Қазіргі таңда шағынаудан ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Елді мекенде жалпы 35 көше болса, оның 22-сі асфальттанған, 13 көшеде шағал тас төселген. Шағал тас төселген көшелерді асфальттау мен жөндеу жұмысы 2023 жылға жоспарланып отыр. Атап айтқанда алдағы жылы 4 шақырымды құрайтын 9 көшеде құрылыс жүргізіледі.

Олар: №1,28,30 көшелер мен Қалқаман, Бекетай, Қарабура әулие, Жайлы, Ақбосаға және Ерқосай көшелері. Ал, 2024 жылы 14 көше жөндеуден өтеді.

Шағынауданға қазір №141 қоғамдық көлігі қала орталығына қатынайды. Ал, сапалы интенетпен 100 пайыз қамтылуы 2023 жылға жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТАСКЕН ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА БИЫЛ 4 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ  

Алдыңғы

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер! «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *