ЖаңалықтарҚоғам

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТА ТҮСУ КЕРЕК

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің жұмысымен арнайы барып танысты. Бұл орталық үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетіп, ұсынылған идеяларды қолдап келеді.

Азаматтық Альянс төрағасы Жұмағали Білісбеков бірлестікте тұрақты 45 мүше бар екенін айтып, биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 21 іс-шара ұйымдастырылатынын жеткізді.

Бірлестік пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты — халықпен тығыз байланыста болу және үкіметтік емес ұйым қызметіне қолайлы орта қалыптастырып, олардың институционалдық әлеуетін арттыру, азаматтық қоғамның құндылықтарын ілгерілету болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестігінің алға қойған мақсат-міндеттерімен танысқан қала басшысы Шымкент қаласында тіркелген үкіметтік емес ұйымның барлығы белсенді жұмыс атқармайтынын айтып, бұл мемлекет пен азаматтық сектордың өзара байланысын әлі де нығайта түсу керек екенін аңғартатынын жеткізді. Себеп-салдардың нәтижелерімен емес, болдырмаудың қамын қарастыру керек. Яғни, алдын ала зерттеу жұмыстары мен оның қолжетімділігін арттыру аса маңызды. Оған тек тәжірибе және біліктілікті арттырумен жете аларымыз анық.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛАДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 3 ОРЫНҒА СУҒА ШОМЫЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *