Жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Қазығұрт және Сарыағаш ауданындағы жауын-шашын салдарын жою бойынша арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі аппаратының мәжілісінде өңір басшысы елді мекендерді судан тазартып, тұрғындарға заң аясында көмек көрсетуді тапсырды.

– Қазығұрт пен Сарыағаштағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, шығындар объективті есептелуі тиіс. Мал шығыны бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде өз міндеттерін орындасын. Бұл – жергілікті, аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Біздің жіті назарымызда тұр, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Қазығұрттағы 4 елді мекен мен Сарыағаштағы бір елді мекенде жауын-шашын салдарын жою бағытында түнімен жұмыс жүргенін, әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. Анықталғандай, 53 үйдің ауласына, сонымен бірге 18 үй, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кірген. Төтенше жағдай салдарын жоюға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 56 және жергілікті әкімдіктің 19 қызметкері жұмылдырылған. 15 техника мен 13 мотопомпа тартылған.

– Адам шығыны жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Мал шығыны есептелуде. Жалпы, қауіп-қатер сейілді. Эвакуацияланған 50 тұрғын өз үйлеріне қайтарылды. Жұмыс жалғасып жатыр, – деді департамент бастығы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚОС АҚЫН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *