ӘдебиетЖаңалықтарЖастар саясатыРуханият

ҚОС АҚЫН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Зияткер оқушылар Шымкенттік ақын Абай Қалшабек және «Жылдың үздік ақыны» мен «Алтын қалам» номинациясының иегері Дәурен Айманбетовпен кездесті.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ әдебиетіне арналған «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жобаны қолға алды. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарды белгілі ақын-жазушылармен жүздестіретін символдық қоңырау барлық NIS-те соғылды. Бірыңғай әдебиет сабағы мектептің YouTube арналары мен басқа да интернет-платформаларда тікелей эфирде көрсетілді. «Қазағымның әдебиеті» NIS-тің «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Wikipedia», READx, «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қоғамға қызмет ету», «Ғылыми орта», «Даналық бейсенбі», «100 ән», «100 күй» сынды әдеби және әлеуметтік жобаларымен тоғысып отыр. Осы орайда, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ақын, аудармашы — Абай Қалшабек және ақын, «Жылдың үздік ақыны» мен «Алтын қалам» номинациясының иегері Дәурен Айманбетовпен кездесті.

Рухани кездесу ақындардың тұлғасын, шығармашылығын ашу мақсатында таныстырылым бейнероликпен және оқушыларымыздың ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқылумен бастау алды.

Сұхбатпен жалғасын тапқан кездесуде қонақтардың өз өміріндегі оқиғалары және зияткерлердің таным көкжиегін кеңейтетін қызықты әңгімелер айтылды.

Сондай-ақ бүгінгі қонақтардың бірі Абай Қалшабек қазақтың батыр-майдангері, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелмеген тұстары туралы талқылап, оқушыларға Бауыржан атамыздың өмірінен мысал келтіріп, ой сала келе ерекше әсер қалдырды.

Ал,  «Алтын қалам» номинациясының иегері Дәурен Айманбетов болса өзінің өмір жолын, айтар ойын өз шығармасынан өлеңдерін оқу арқылы жеткізді. Сонымен қатар, шара барысында Абай Қалшабек оқушыларымызға жақында баспадан шыққан «Томаға тұйықпын» атты кітабын таныстырып, сиясы кетпеген кітабын мектеп кітапханасына сыйға тарту етті. Автордың сөзінше бұл жинақта өлеңдер, мақалалар, афоризмдер, ой-толғаныс һәм аудармалар берілген. Сондай-ақ кітап арқылы оқырман автордың шығармашылық толық бет-бейнесімен таныса алатындығын жеткізді.

Шарада әдебиетке қызығушылығы бар оқушыларымыз қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды жауап ала алды.

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БҰЗЫЛАДЫ!

Алдыңғы

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *