Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты Қошқар ата, Тауке хан даңғылы, Шаймерденов және Уалиханов көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары өткізілді. Сенбілікте Қошқар ата өзені бойы қоқыстан тазартылды.

Сонымен қатар аулаларда балалар ойын элементтерін сырлау, шөп ору, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын бұталарды кесу жұмыстары жүргізілді. Жалпы бүгінгі өткен сенбілікке 200-ге жуық адам, 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалық акциясы алда өз жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникауиялық орталығы

ШЫМКЕНТ: АУДАН АУМАҒЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙМЕН ТОЛЫҚТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *