БілімЖаңалықтар

БОЛАШАҚ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА! Joo.kz ШЫМКЕНТТЕ!

Түлектерді ҰБТ-ға дайындайтын Joo.kz онлайн платформасы Шымкент қаласына арнайы келіп, «Joo Fest» атты түлектермен кездесу өткізеді. Мамандар тестілеуге қатысты оқушыларды мазалайтын сұрақтарға жауап береді. Журналистер де ҰБТ-ға қатысты барлық сұраққа жауап ала алады. Шара барысында түрлі сыйлықтар ойнатылады.

Жиында талқыға түсетін сұрақтар:    

• Биыл ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістер болады?

• Мамандық және пән таңдау мәселесі.

• Жоғары бал жинап, грантқа түсу үшін не істеу керек?

• Қандай мамандықтарда грант көп?

 • ҰБТ-ға дайындықты неден бастау керек?

Спикерлер: 

• Руслан Емелбаев – Ұлттық тестілеу орталығының директоры                                           • Диас Асанов — Профориентолог                               • Қанат Өксікбаев — Joo.kz онлайн платформасының негізін қалаушы                               • Нұрғали Елшібек — Joo High school мектебінің директоры

Шараға еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің өкілдері келіп, мамандық және ЖОО таңдауға қатысты сұрақтарға жауап береді.Атап айтқанда, KazGUU, NARXOZ , Сүлеймен Демерел Университеті, Қыздар Педагогикалық университеті, Логистика және Транспорт академиясының мамандары келеді.

Өтетін орны: Шымкент қаласы, Төрекулов 135/1 Аймауытов қиылысы . HAYAT мейрамханасы.

Күні : 10 сәуір, сағат 13.00-де

Шараның әлеуметтік желідегі парақшасы: @joo_fest

Анықтама: “JOO Analytics” — ҰБТ-ға дайындайтын онлайн платформа. Биыл онлайн жүйеде 7000-нан астам оқушыны дайындап жатыр. Былтыр курстан өткен 1000 талапкердің 992-сі мемлекеттік грант иегерлері атанды. Сабақ JOO арнайы мобильді қосымша арқылы өтеді. Жүйеге күнделікті 30 мыңға жуық қолданушы ҰБТ және мамандықтар, білім саласындағы соңғы жаңалықтар туралы пайдалы ақпарат алады. Ресми сайты: https://joo.kz/

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ:  ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫ ЗОР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *