Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЛ ЕКТІ

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шаралар аясында тал көшеттері отырғызылды. Shymqala этноауылындағы көктемгі игі іске қалалық прокуратура мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық прокуратура қызметкерлері, төрт аудан әкімдігінің өкілдері атсалысты. Сенбілікке қатысқандар сағат 10:00 мен 11:00 аралығында этноауыл аумағында тал көшеттерін екті.

– Халқымыз ерте заманнан жыл басын осындай игі істермен қарсы алып, тал еккен, бұлақ көздерін ашқан. Осыған орай прокуратура және аудан әкімдігінің қызметкерлері этноауылда қарағаш, шынар, шырша ағаштарының көшеттерін екті. Барлығы 200 көшет отырғызылды, оларды мамандар өздері алып келген. Мұндағы мақсат – кейін қала тұрғындары мен қонақтары осы ағаштардың саясында тынығып, серуендеу үшін, – дейді Shymqala тарихи-мәдени кешенінің директоры Биболат Атеев.

Жиналған көпшілік көшет егуден соң тарихи-мәдени кешендегі музейді аралады.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

СЕНАТОРЛАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *