АймақӘлеуметЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ ӨЗ НӘТИЕЖЕСІН БЕРУДЕ  

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтты.

— Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 41 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, 33 балалар ойын алаңшасы, 24 тренажер, 21 воркаут және 2 спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың игілігіне берілді. 2022 жылға бұл жоба аясында 36 жоба мақұлданып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде, — деді аудан әкімі. Сонымен қатар, аудан аумағында ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жалпы 2021 жылға дейін 74 көше жарықтандырылса, жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 20,9 шақырымды құрайтын тағы 18 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта 34 көшеге жарық тарту жоспарланғаны айтылды.

Өткен жылы күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын салдарынан су басуының алдын алу мақсатында, 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылып, тұрғын үй аулаларында 18 спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Сондай-ақ аудан әкімі жиын соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ  

Алдыңғы

БАЛАЛАР СПОРТТЫҢ 71 ТҮРІ БОЙЫНША ТЕГІН ЖАТТЫҒАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *