АймақЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ

Шымкентте биыл жалпы ауданы 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 734 мың шаршы метрі көпқабатты үйді құрайды.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестор мен бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Мақсат — жоспарланған межеге жету жолындағы кездесуі мүмкін мәселелердің шешіміне бірге атсалысу.

Бүгінде қалада құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлер:

🏗️«Шахристан» тұрғын үй кешені. Мұнда 2024 жылға дейін 599 пәтерлі 11 көпқабатты үй салынады. 2022 жылдың соңына дейін 203 пәтерлі 3 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Құрылысты BAZIS-А компаниясы жүргізуде.

🏬Әл-Фараби тұрғын үй кешенінде 294 пәтерлі 6 үй салынуда. Құрылысы 2020 жылы басталып, биыл пайдалануға беріледі. Жоба құны 8,5 млрд. теңге. Құрылысты «BI Shymkent Projects» компаниясы жүргізуде.

🏗️Нұрсат ш/а №128 мекен-жайында 3 блоктан тұратын, 128 пәтерлі 1 үй салынуда. Құрылысы өткен жылы басталып, 2022 жылдың қыркүйегінде пайдалуға беріледі деп жоспарлану.

🏬Бәйдібек би даңғылындағы «Қос тұра» тұрғын үй кешені 1 198 пәтерлі 15 үйден тұрады. Құралысы 2020 жылы басталған, аяқталу мерзімі 2024 жыл. 2021 жылы 2 үйдың құрылысы аяқталған, биыл 3 үй пайдалануға беріледі. Қалған үйлер кезеңімен табысталады.

🏗️Әкімшілік іскерлік орталығы жанында 84 пәтерлі 2 көпқабатты үйдің құрылысы 2019 жылы басталған. Биыл қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын үйді жеке инвестор салуда.

🏬ӘІО жанында тағы 432 пәтерлі 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан үй осы жылы ел игілігіне беріледі.

🏗️Қ.Төлемтов көшесінде №64 учаскіге салынып жатқан 576 пәтерлі 11 үйді пайдалануға беру 2023-2024 жылдарға жоспарланған.

🏬«Шымсити» шағын ауданындағы «Prime park» тұрғын үй кешені 2022 жылдың соңында беріледі. 684 пәтерлі 13 үйдің бір бөлігі «Отбасы банк» салымшыларына арналған.

🏗️«Шымсити» ш/а «Престиж» тұрғын үй кешенінде 73 пәтерлі бар 2 үй салынуда. Бұл үйлер де 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *