АймақЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

Өзбекстан мемлекетінде кадеттер мен жасөспірімдер арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтуде. Жарыс 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтуде.

Шымкент қаласынан келесі спортшылар қатысуда:

1.Жулинский Никита (шпага)

2.Тамбовцева Александра (шпага)

3.Чупраков Артур (сабля)

4.Мұстафин Ғабидин (шпага) 5.Серикбай Адема (сабля)

Кадеттер санатында шпажистер арасында Мұстафин Ғабидин жеке басының біріншілігінде 5-орынды иеленді!

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы (кадеттер шпагасы) финалда Өзбекстан командасын жеңіп, 45-41 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді. Құрама сапында шымкенттік Мұстафин Ғабидин жеңімпаз атанып Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Құттықтаймыз 🥇🇰🇿!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *