АймақӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 18 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылы атқарылатын жұмыстарының есебін тыңдады.

Биыл қалада жастар үшін 8 көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 2021 жылы 4 жәрмеңке ұйымдастырылып, жұмыссыз жастар бос жұмыс орындарына жолданған болатын.

М.Шотанов қаладағы жұмыс істеуге және білім алуға қызығуы төмен жастар үшін мобильді топ құрылғанын айтты. Өткен жылы арнайы топ өкілдері елді мекендерді аралап, 10 мың жаспен кездессе, биыл 15 мың жасқа түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, осы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

«Жасыл ел» маусымдық еңбек жасақтары жобасымен биыл шілде-қыркүйек аралығында 1 313 жас уақытша жұмыспен қамтылады. Айта кетсек, 2021 жылы осы жобамен 1 213 жас жұмысқа бағытталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ ОҚЫРМАНЫН КҮТЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 96 НАУҚАС ЕМДЕЛУДЕ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *