АймақЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНАН -МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ДЕЙІН  

Шымкентте былтырғы жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 1300-ге жуық 29 жастан аспаған қала жасы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жұмыс тапқан жастардың бірі- Әуел Ақбота. Ол 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мұрағаттану, құжаттану, құжаттамалық құжаттамасыз ету» мамандығы бойынша білім алды. Білімін жалғастыру мақсатында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.  Оқу бітірген соң, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, өз мамандығы бойынша 2019 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне 6 ай мерзімі бойынша жастар тәжірибесіне жолданды. Тәжірибе жинақтаған соң, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс негізінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы, бағдарламаға «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білімі бар қала жастары қатыса алады.

Биыл «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімін 12 айға, ал жалақысын 30 АЕК-дейін көтеру жоспарда бар.

Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 25 АЕК (76 575 тг) құрайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *