АймақЖаңалықтарҚоғам

Әкім Қырғы базарда сауда істейтін азаматтармен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігіне қаладағы орталық қырғы базарының сыртында, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасайтын 30-ға жуық азамат келіп, өз мәселелерін айтты. Тұрғындармен қала әкімі Мұрат Әйтенов кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады.  Қала әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда арнайы белгіленген орындарда, базардың ішінде жасалуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ретсіз сауда орындарының көбеюі қаланың көркін бұзып, гигиеналық және санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына әкеп соқтыратынын түсіндірді.

Мұрат Дүйсенбекұлы мәселені оңтайлы шешу мақсатында азаматтарға мынадай ұсыныстар айтты.

Біріншіден, Қырғы базардың ішінен әлеуметтік қатар ашылатынын, сол жерден 50 азаматқа орталық 6 ай мерзімге ақысыз орын беріледі.

Екіншіден, оларға жеңілдік ретінде жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын қарызға алып сату мүмкіндігі ұсынылды. Бұл олардың айналым қаражатын көбейтуге жол ашады.

Үшіншіден, жұмысқа қабілетті азаматтарға білімі мен біліктілігіне сәйкес Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардан тұрақты жұмыс орындары ұсыналады.

Төртіншіден, қала аумағында сенбі-жексенбі күндері тұрақты түрде өтетін жәрмеңкеде сауда жасау мүмкіндігі беріледі.

ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ -БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Алдыңғы

«АҒАШТАРДЫҢ ҚАРЫН ТҮСІРУГЕ 600 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ»,- ДЕГЕН ДЕРЕК ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *