АймақЖаңалықтарҚоғам

«АҒАШТАРДЫҢ ҚАРЫН ТҮСІРУГЕ 600 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ»,- ДЕГЕН ДЕРЕК ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

«Азаттық рухы» сайтында және «1 канал — Евразия» телеарнасында жарияланған «Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп, түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінді» деген материал қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.  Осыған байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

Мақаладағы «ағаштың қарын түсіруге 600 миллион теңге бөлінді» деген дерек шындыққа сәйкес келмейді. Себебі, Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында көрсетілген талаптарға сәйкес қалыптастырылады және қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мерзімдік дәрілеу, суару, бұтау, ақтау және қардан тазарту секілді бірнеше жұмыстарды қамтиды. Сондай-ақ, осы жұмыстарды атқаратын азаматтардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағар майы мен өзге де шығындары кіреді.

Біріншіден, Шымкент қаласының территориясы 116 мың гектарды алып жатыр. Қазіргі уақытта қала аумағында 6 миллионнан астам түп ағаш бар.

Екіншіден, Шымкент қаласының аумағында 8 саябақ пен 39 гүлзар бар.

Ал, мақалада көрсетілген қарды сілкіп түсіру жұмыстары жалпы жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстарының көптеген бағыттарының бір тармағы ғана. Яғни, мұндай жұмыстар қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 түп ағашта жүргізіледі деп жоспарланып, қаржылық сметалық шығындары 891,4 мың теңге (600 миллион емес) қаралған. Бұл техникалық шартта көрсетілген талапқа сәйкес егер қыс мезгілінде қар жаумаған жағдайда бұл қаржы толықтай бюджетке кері қайтарылады.

Шымкент қаласының климаттық ерекшелігіне байланысты қала аумағын көгалдандыру, ағаш пен жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстары мейлінше маңызды екенін атап өткіміз келеді.

Әкім Қырғы базарда сауда істейтін азаматтармен кездесті

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ ОТЫРАР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *