АймақЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында мақта майын шығаратын зауыт іске қосылды. Қазақстан мен Түркия елдері бірлесіп ашқан «Tulpar May» ЖШС жылына 2,9 мың тонна мақта майын, 14 мың тонна шрот өндіретін болады.

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округі, Көкарал елдімекеніне арнайы барып, жаңадан ашылған өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Жалпы инвестиция көлемі 2,1 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорынның аумағы 0,27 гектарды алып жатыр.

Зауытта 50-ге жуық адам жұмысқа қабылданған. Кәсіпорын жылына 10 мың тонна мақтаны өңдеуге қауқарлы. Мақта өсіретін өңір үшін мұндай кәсіпорындар көптеп керек. Өйткені мақтааралдықтар «ақ алтынын» шикізат күйінде емес, дайын өнім күйінде еліміздің басқа өңірлеріне, шетелге сата алса, тұрғындар табысын еселей алады. Мақта майын шығаратын зауыттан бөлек, Түркия мемлекетімен бірге жіп иіретін текстиль фабрикасын іске қосу да жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2021-2024 жылдары Мақтаарал ауданында шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында жалпы көлемі 10,8 миллиард теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ШЫМКЕНТТЕ 180 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

Ө.ШӨКЕЕВ: «СӨЗ ЕМЕС, ІСКЕ КӨШІҢДЕР!»  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *