ЖаңалықтарҚоғам

Алпыс төрт жасқа келген қария алғаш рет жеке куәлік алды

Түркістан облысында 64 жастағы сотталған азамат алғаш рет жеке куәлік алды. Ол осы уақыттқа дейін туу туралы куәлікпен жүрген. Түркістан облысын бойынша ҚАЖ департаментініне қарасты Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Шакарбай Шаменов есімді азамат жеке куәлігінің болмауына байланысты зейнетке шығу үшін құжаттарын өткізе алмапты.

Жеке куәлік және ҚР азаматтығын алу үшін туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы және аттестаттың көшірмесі болу керек. Алайда, ол кісіде аталған құжаттардан туу туралы куәлік ғана болған, қалған құжаттардың жоқ екендігін анықталған. Оған қарамастан, пробация қызметінің қызметкерлері мен жергілік полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтың құжаттырын жинақтауға көмектесіп, жеке куәлігін әзірледі. Дайын болған құжатты Мақтаарал аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Самат Әділов бірге барып, арнайы табыстады.

Осы кезге дейін полицейлер аталған қарт тұрғынның Мақтаарал ауданы полиция бөліміне өтініш білдірмегенін және көші-қон қызметіне жүгінбегенін айтты.

— Бұл кісі осы кезге дейін туу туралы куәлікпен жүрген екен. Біздің пробация қызметіне тіркелуге келген кезде де осы құжатпен келді. Жеке куәлігін сұраған кезде, жеке куәлікті мүлдем алмағанын айтты. Өзбекстаннан қазақ жеріне қоныс аударып келген. Әрбір қазақстанның азамат екенін растайтын жеке куәлікпен жүруі қажет. Сондықтан, Шакарбай ақсалдың жеке куәллік алуына ықпал жасадық. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған әрбір адамның қажеттілігін жасап беруге тырысамыз. Себебі, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 санды қаулысына сәйкес пробация есебінде тұрған азаматтарға қажеттілігіне қарай көмектер көрсетіледі, — деді Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Самат Әділов.
Осы кезге дейін құжатсыз жүрген пробация есебінде тіркеуде тұрған қартқа пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығына сәйкес ҚР азаматтығына құжаттандыру үшін бірінші кезекте полиция бөліміне барып өтініш жазуы тиіс екендігін түсіндірді. Пробация қызметкерлері өздері ертіп барып өтініш жазып қалдырды. Оған қоса ҚР азаматы екенін анықтау үшін өтінішхатпен бірге туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы аттестат, диплом немесе шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірмелерін тапсыруы қажет. Алайда, тексеру барысында есепте тұрған азаматта жоғарыда көрсетілген құжаттардың басым бөлігі жоқ екені белгілі болды. Осыған қарамастан Мақтаарал аудандық пробация қызметкерлері мен АПБ көші-қон қызметкерлері ҚР ІІМ талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, тұрғынға құжаттарын жинақтауға көмектесті. Жедел әрекет еткен полицейлер Шакарбай Шәменовқа ҚР азаматтығын растау туралы өтінішхатын қабылдады. 20 күннен кейін бұл азаматтың жеке куәлігі даяр болды. Жеке куәлігін алған тіркеудегі азамат зейнетке шығу үшін құжаттарын жинақтап, өткізді.
Мен қателікке бой алдырып, қылмыс жасап тіркеуге тұрдым. Осы кезге дейін жеке куәлік алуға қандай құжаттар өткізетінін және қайда апарып тапсыру керектігін білмей жүрген едім. Пробация қызметінің қызметкерлері жеке куәлік алып беруге көмектесті, оларға алғысым шексіз. Бір жылдан бері зейнетке шығуға құжаттарымды өткізе алмай, зейнет ақыдан да қағылып келдім. Енді, міне осындай азаматтарымыздың арқасында жеке куәлігімді де жасатып, зейнет ақымды да уақтылы алып жүрмін. Қуанышымда шек жоқ. Сіздерге мың алғыс, — деді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат.
Шакарбай Шаменов Мақтаарал аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 300 бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған болатын. Ол өзіне жүктеген міндетті орындап келеді. Алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысатынын да жасырмады.

Стивен Кингтің ең танымал романы алғаш рет қазақ тіліне аударылды

Алдыңғы

Шымкент — біздің ортақ үйіміз!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *