Жаңалықтар

БІРЛІК ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады. Сондықтан ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілеті, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың әл-ауқатының артуы, экономикалық өсім, ғылым, технология және білім, денсаулық сақтау ісі, мәдениет, экология және табиғатты тиімді пайдалану стратегиялық ұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Осы орайда, 2021 жылы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауында «Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады», деп айқындалып отыр.
Қоғам мүшелерінің қажеттілігін мемлекеттің қамтамасыз етуі және ұлтты ішкі, сыртқы қауіптерден қорғауды көздеген Жолдаудың өзегін адам, ұлт, халық денсаулығы, ұлттық мүдде құрайды.
Республикадағы қазіргі саяси-экономикалық дамудың басты факторы — өмір сапасының, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктердің, өмір сүру салты мен өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетінің айырмашылығынан туындайды. Бұл мәселе саяси жағдайға, дамудың тұрақтылығы мен халықтың қауіпсіздігіне үлкен ықпалын тигізетін фактор. Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыттарында маңызды шаралар ұсынып отыр.
Жолдауда миграцияға байланысты мәселелердің көтерілуі де орынды. Қазіргі кездегі миграцияның ауқымы, олардың бағыты мен қоғамдық-саяси салдары мәселені қоғамдық-саяси процесс ретінде жаңа тұрғыдан зерделеуді қажет етеді. Миграциялық ағындар мемлекеттегі экономикалық, демографиялық, діни, этникалық жағдайға, оның саяси тұрақтылығы мен дамуына тікелей ықпал ететін дүние. Бұл үдерістің бұқаралық сипаты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі саяси шынайылыққа сай миграциялық саясатты әзірлеу үшін жағдайды ескеру қажеттілігін анықтайды. Ішкі миграцияның шешімін табуда Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарауы қажеттілігін ерекшеледі.
Шет елдерде еңбек миграциясы үшін қолайлы жағдайларды өз азаматтары үшін жасау мемлекеттің маңызды бағыты. Еңбек миграциясы бойынша нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігі шетелде отандастарымыз үшін біршама қиындықтар туғызуда және көбінесе қазақтар заңсыз мигрант атануда. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде реттеу маңызды. Осыған байланысты Президент Жолдауда «Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн» деп айқындауы өте маңызды.
Сәкен МӘЖІНБЕКОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры, ф.ғ.к, доцент, саясаттанушы

Жолдауда бесінші мәселе білім беру саласына арналды

Алдыңғы

ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ — ТАПСЫРМАЛАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *