Жаңалықтар

«Берел» қорық-музейі көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қатонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылындағы көпбалалы отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетті.

Бұған дейін де мұндай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тиісінше қолдау көрсетілген болатын.

Қорық-музей тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шараларының мақсаты — өскелең ұрпақ пен мәдени-тарихи сабақтастықты нығайту, тиісінше қолдау көрсету, бауырластық ынтымақты арттыру, балалардың тарихи мұраларға деген көзқарасын жақсарту болып табылады.

Осы орайда, балалармен тілдесіп, олардың тарихи-танымдық бағыттағы ойлары жөнінде пікір алмасқан музей қызметкерлері оқушыларды «Берел» қорық-музейімен танысуға шақырды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ МҰРАҒАТШЫЛАРҒА СЕРПІН БЕРДІ

Алдыңғы

«Берел» қорық-музейінің қызметкерлері Жолдауға қолдау білдірді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *