Мемлекет басшының халыққа арнаған жолдауларында бұқаралық спортты дамытып, жастардың салауатты өмір салтын ұстану шақырып, ұлттық ойындарымызды дәріптеуде жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағытта Шырайлы қаламызда қала жастарының тоғызқұмалақ ұлттық ойынына деген қызығушылығы жоғары. Осы орайда қаламыздағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицйеінде оқушылардың бұл ойынға деген ықыластары айрықша. Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген ұлағатты ұстаз Жанайдар Жандарбекұлы Тоғызқұмалақ ойынын жастар арасында кең көлемде насихаттауда өз ойымен бөліскен болатын. Тоғызқұмалақ — әлемдік мәдениетінің озық үлгерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданылған. Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарачай-Черкесия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда бұл спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, дамып келеді. Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелеріне қысқаша тоқталып өтсек: Тоғызқұмалақ партиясы екі ойыншының арасының арасында ойналады, олар «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнайы тақтада ойын ережелерінің негізінде құмалақтар арқылы кезектесіп жүріс жасайды. Ақ түсі бар ойыншы партияны бастайды. Ойыншы қарсыласы жүріс жасағаннан кейін, жүру құқығына ие болады. Әрбір ойыншының мақсаты – партияны жеңіп шығу, яғни өз қазанына тезірек 81-ден көп құмалақ жинап алу, не болмаса қарсыласының жағында бірде бір құмалақ қалмай, ал зқазанында 81-ден аз құмалақ саны болатындай жағдайға келтіру. Егер екі ойыншы да 81 құмалақтан жинап алса, ойын тең аяқталады. Бастапқы позиция: Тоғызқұмалақ тақтасы тең екі бөлікке бөлінген де, он сегіз тік және екікөлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында тоғыз отау және ұтып алынған құмалақтар салынатын бір қазан орналасқан. Тақтаның тең екі бөлігінің әрқайсысында отауларды нөмірлеу солдан оңға қарай (1- ден 9-ға дейін) жүргізіледі. Отаулардың атаулары: 1 – арт, 2 – тектұрмас, 3 – ат өтпес, 4 – атсыратар, 5 – бел, 6 – белбасар, 7 – қандықақпан, 8 – көкмойын, 9 – маңдай. Әр ойыншының қазаны қарсыласының жағында орналасқан. Тақтаның қағазға түскен бейнесі – диаграмма деп аталады.Диаграммаларда торкөздердің 1-ден 9-ға дейінгі нөмірлі төменгі жартысын және оның жанында орналасқан отауды ақтардың орналасуы деп, ал жоғарғы жартысын қаралардың орналасуы деп есептейді. Ойын (партиялар) басталмас бұрын әр ойыншының отауларында 9 құмалақтан барлығы 81 құмалақ болады. Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді. Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К. Кенжетаев, Р. Абдуллин және осы өнерді серік еткен М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді. Дана əрі ойшыл, талай тамаша өлең мен философиялық өсиет қалдырған Абай атамыздың өзі бұл ойынды сүйіп ойнаған екен. Үйіне келген қонақтарға осы ойынды үйреткен деген де деректер бар. Ойы ұшқыр жандармен тоғызқұмалақтан жарысқанды жақсы көрген. Жақсы ойнай білгендерге жақсы сыйлықтар жасаған. Тоғызқұмалақтың ережесі қарапайым əрі өте оңай. Ақыл-ойды талап ететін, есепке жүйріктікті қажет ететін ұлттық ойынымыздың бір түрі. Осы орайда ережесін де түсіндіре кетейін. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында əр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – «ақ жағы», қостаушы «қара жағы» деген тіркестерді де қолданамыз. Тоғызқұмалақта сандар жұп жəне тақ болып екіге бөлінеді. Өз қазандығына 82 құмалақты кім бірінші жинаса, сол адам жеңген боп саналады. Тоғызқұмалақ та шахмат сияқты үш түрден өтеді. Біріншісі – классика. Оған əр спортшыға 1,5 сағат, жалпы 3 сағат беріледі. Екіншісі «рапид» деп аталады. Мұнда əр спортшыға 20 минут, жалпы 40 минут уақыт беріледі. Блиц (шапшаң) – түрінде əр спортшы 7 минут уақыттың ішінде жүрістер жасап, ойынды аяқтап бітірулері керек. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен құмалақтарды алып, отаудың ішіне біреуін қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сəтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2,4,6,8,10,12 тағы сол сияқты), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазандығымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында қалдырып кеткен. Ал, қазақтың ұлы ақыны, данагөй ойшылы Абай Құнанбаев та өте қатты сүйіп ойнаған және өзі сол заманның түрлі ойыншылармен сынға түсіп, ойын жарыстырған деседі. Ал, сол Абай атамыздың тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасын Жидебайдағы мұражайынан таба аласыз. Және әйгілі ойыншылар қатарына қазақтың ең алғашқы ғалымы — Шоқан Уәлихановты да қосуға болады. Қазақтың әйгілі жазушысы М.Әуезов пен Ұлы Отан соғысы жылдарының атақты батыры Бауыржан Момышұлының да сүйікті ойыны болған. Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы мен заңдылықтарына келер болсақ, Ережеде тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағыдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағыдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағыдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болатына сүйенеді. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру. Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
41 рет оқылды
Comments