АймақЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

КӘСІПКЕРЛІККЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халыққа арнаған жолдауларында кәсіпкерлік саланы дамытып, инвестиция тарту мәселесін үнемін назарда ұстап келеді. Қазіргі жастардың кәсіпкерлік саласына бет бұрысы көңіл қуантады. Оларға қолдау көрсету мақсатында түрлі кездесулер өткізіліп келеді. Осындай жиынның бірі қаламыздағы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Кәсіпкерлікке инвестиция тарту шаралары» тақырыбында кездесу жиыны ұйымдастырылды.  Елімізде кәсіпкерлік саласы дамып келе жатқаны көңіл қуантарлық жағдай. Оның ішінде жас кәсіпкерлерге деген қолдауды айрықша атауға болады.  Жастарды кәсіпкерлікке баулу, өз кәсібін ашамын деген студент жастарға жарқын болашақ бар екендігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде колледж студенттері өздерінің жобаларын қорғап, болашақ кәсіпкерлік  жұмыстарына қалайша инвестиция тарту мәселелерін талқылады.  Бұл кездесуге қаламыздағы кәсіпкерлер, сала мамандары қатысып отырды. Екі жақты диалог ретінде өткен кездесуде студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын келген қонақтарға қойып,  керемет сыр-сұхбат, пікір-талас ұйымдастыра білді.  Студенттерге еліміздегі кәсіпкерлікте инвестиция тарту шаралары жайында кең көлемде мағлұматтар берілді.

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Алдыңғы

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНЫНА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОҒАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *