АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауларында  елдегі бұқаралық спортты дамытып, жастар мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында Шырайлы қаламызда  тиімді шаралар атқарылып келеді. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта мектебінің оқушылары Қызылорда қаласында өткен байрақты бәсекеде қаламыздың намысын қорғап, сынға түсті.  Мектеп оқушыларының арасында спорттың 10 түрінен өткен Республикалық Ұлттық Мектеп Лигасынан Қызылорда қаласында өткен «Ұшқыр Доп» спорттық ойынынан N69 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-8 сынып ұлдар командасы IV орын және 5-6 сынып қыздар командасы III жүлделі орындарды иеленді. Ұлттық Мектеп Лигасының жеңімпаздарын және жеңімпаздарды дайындаған Рсимбетов Досымхан, Тұрсынбеков Әли, Дарибаева Мөлдір, Әбілқайырова Ләззат дене шынықтыру пәні мұғалімдерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық тәрбиесі орталығының кубоктарымен және дипломдарымен марапатталды.  Байрақты бәсекеде топ жарып, қаламыздың мерейін асырып жүрген спортшы жастарымызға алар мен асу мен бағындырар белестеріңіз көп болсын дейміз!

ШЫМКЕНТТЕ СҮТ ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Алдыңғы

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *