ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖАСТАРДЫ СПОРТҚА БАУЛУДА «MUSLIM FIT» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

Жастардың уақытын тиімді пайдалану, жастарды ерікті түрде спортқа баулу мақсатында Шымкент қаласы Қазғұрт мөлтек ауданында, «Muslim fit» спорт кешені ашылған болатын.
«Muslim fit» спорт кешенінің басшысы бокс бапкері Журкаев Ережеп Орынбасарұлының айтуынша қазіргі таңда жастардың қызығушылығы мен сұранысы артып, спорттың 5 түрінен үйірмелер жұмыс жасауда. Атап айтқанда: бокс, дзюдо, тхэквондо, кикбокс және еркін күрес. Әр үйірмеге 20-25 бала қатысуда. Сондай-ақ отбасы жағдайы төмен отбасы балаларына жеңілдіктер қарастырылып, тұл жетім, жартылай жетім балаларға тегін жаттығулар жасалуда екен. Спорт кешенің негізгі мақсаты алдағы уақытта үйірмелер түрін дамытып, болашақ жеңімпаздарды дайындау.  Жастардың бос уақытын пайдалану,  бұқаралық спортты дамытып,  салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай спорт кешендерінің орны бөлек.  Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту барысындағы тапсырмасы Шырайлы қаламызда ерекше басымдықпен атқарылып келеді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Алдыңғы

ТУРИСТЕР ҮШІН АТПЕН СЕРУЕНДЕУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *