ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БЕКЕТТЕРІ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов пен Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаевтың қатысуымен баспасаз жиыны өтті.
Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы қаладағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. «Шымкент қаласы «қызыл» аймақта тұр. Жыл басынан бері 27 935 жағдай тіркелді. Оның 341-і симптоммен, 77-сі – симптомсыз. Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сол себепті барша тұрғындарды екпе алуға шақырамын. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар. Дәрігерлер робот емес. Осы індетпен күресу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Сіздер де көмектесіңіздер. Екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар. Екпе алушылар үшін сенбі-жексенбі күндері барлық емханада вакцинация бекеттері сағат 08:00–20:00 аралығында жұмыс істейді, – деді  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов.
Брифингте белгілі болғандай, қала бойынша «Ashyq» жобасына 4 603 нысан енген. Бұл жобаға қатысушы нысандарда QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 1 033 хабарлама түскен. Қала бойынша 919-ы анықталды. Оның 524-і – «қызыл» және 395-і «сары» статуспен анықталған.
Баспасөз мәжілісі барысында Әбдіманап Қошқарұлы «Ashyq» жобасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– «Қызыл» және «сары» статуспен анықталған тұлғаларға 14 күндік үй карантинін сақтаулары керектігі туралы хабарлама берілді. Ал «сары» статуспен анықталған тұлғаларға санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды орындаулары туралы 317 Қаулы шығарылды. Басқа облыстардан келіп анықталған жеке тұлғалар (114 адам) бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. Карантин режимін сақтамай, «қызыл» мәртебесімен анықталған 137 жеке тұлғаға айыппұл салынды, – деді департамент басшысы.  Айта кетейік, қала тұрғындарын вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеп тұр.

ШЫМКЕНТКЕ VERO CELL ВАКЦИНАСЫНЫҢ 40 МЫҢ ДОЗАСЫ ӘКЕЛІНГЕН

Алдыңғы

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *