ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 6352 АДАМ ЕКПЕ АЛҒАН

 
     Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 574 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 457, белгілері жоқ – 117). 230 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 344 адам үй бақылауына алынды.  Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 68%-ды құрайды, 1179 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2601 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 390 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 6352 адам екпе алған. Екпе алу — коронавирусты жеңудің жалғыз жолы болып тұр. Саналы түрде екпе қабылдап, жақындарымызға жанашырлықпен қарайық.    Екпенің   I компонент-2683, II компонент-3669 адам алған.  Егу науқаны басталғалы барлығы 389 244 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 312 108 адам вакцинаның екі компонентін алды.  Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 435 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.  Екпе қабылда да, өміріңді сақта. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз жол екенін ұмытпайық!  Барлықтарыңызды ерікті түрде өз денсаулығыңыз үшін екпе алуға шақырамыз! 

ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫНА ҰЛТТЫҚ КӘДЕСЫЙЛАР ТАРТУ ЕТІЛУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮЗДІК ҮШТІК ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *