АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮЗДІК ҮШТІК ҚАТАРЫНА ЕНДІ

        ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Үкімет мүшелерімен, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерімен селекторлық мәжіліс өткізді.  Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таразыланды.
Республика облыстары мен қалаларының экономика саласындағы негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасында Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім динамикасы бар екендігі баяндалды.
Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», — деді.
Оның ішінде биылғы жылдың қаңтар-шілде мерзіміндегі аралықта былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Шымкент қаласының
📈 өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші 104,8 пайызға,
📈 ауылшаруашылығы саласы – 103 пайызға,
📈 құрылыс жұмыстары – 114,6 пайызға,
📈 пайдалануға берілген үйлер көлемі – 107,9 пайызға,
📈 сауда саласы – 104,2 пайызға,
📈 көлік саласы – 103 пайызға,
📈 жеке инвестиция тарту көлемі – 149,5 пайызға артқандығы атап өтілді.
Шымкент қаласының кен өндірісімен байланысты емес салалар бойынша инвестициялық белсенділігі 22,8 пайызға жеткендігі айтылып, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өндірісі, байланыс және ақпарат, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік салаларында оң даму көрсеткіштері қалыптасқан. Бұл көрсеткіштен қаламыз 3-ші орынға тұрақтаған.
Құрылыс саласында Шымкент қаласы үздік бестіктің қатарына еніп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 14,6 пайызға өскен.  Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде қалыптасқан оң динамика шаһар экономикасының тұрақты өркендеуіне негіз болып, даму жоспарында қамтылған міндеттерді табысты іске асыруға кепіл болмақ.

ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 6352 АДАМ ЕКПЕ АЛҒАН

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫМБАТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ОТАЛАР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *