АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

«АШЫҚ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ 

«АШЫҚ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ 
Шымкент қаласында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» мобильдік қосымшасы іске қосылған болатын. Жоба 1-деңгейге шектеулерді әлсірету жолымен шағын бизнеске шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «қызыл» аймақтағы кәсіпорынға «сары» аймақтың қағидалары бойынша індетті жұқтырғандар мен олармен қатынаста болғандарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат етіледі (кеш уақыттары,демалыс күндері және т.б.)
2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін қала бойынша 1148 өтінім берілді (оның ішінде 31 ерікті қатысушы – қонақ үйлер, университеттер, түзеу мекемелері, әскери бөлімдер, ХҚКО, хайуанаттар бағы, цирк, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, Шымкент қаласының соты). Қала бойынша барлығы 649 QR код берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында оның 574-і орналастырылған. Мобильдік қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған (Ұлттық сараптама орталығы, бірыңғай ПЦР-зерттеулер порталы, COVID-19 бақылау орталығы, жекеше ПЦР-зертханалар, Президент Іс-Басқармасының Медицина орталығы) және ПЦР-тестер мен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер деректерін пайдаланады.  Ғимаратқа кірер алдында қолданушы смартфонмен QR-кодты сканерлейді (немесе жеке куәлігін ұсынады) және өзінің мәртебесін көрсетеді. Ақпараттық жүйелермен салыстырып тексеру негізінде сіздің мәртебеңіз анықталады: «қызыл» — ПЦР-тесттің оң нәтижесі, «сары» — қатынаста болған, «көк» — ПЦР-тест міндетті болып табылатын орындарды қоспағанда еркін жүріп-тұру, «жасыл» — ПЦР-тестің теріс нәтижесі.  

ТУРИСТІК САЯХАТ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР -ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ 

Алдыңғы

ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *