АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханиятТехнология

ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР АРКТИКАДА САҚТАЛАДЫ

                      ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР АРКТИКАДА САҚТАЛАДЫ
    Мемлекеттік рәміздер еліміздің мақтанышы.  Егеменді ел екенімізді айғақтап тұратын мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әр қазақтың жүрегінің төрінде тұрары сөзсіз.    Қазақстанның рәміздері Арктиканың болат қоймасында 5 ғасыр сақталатын болды.  Норвегияның солтүстік полюске жақын орналасқан Свалбард провинциясында тарихи және мәдени маңызды құнды деректер, зияткерлік меншік және т.б. ақпараты бар цифрлық деректерді сақтайтын Дүниежүзілік Арктика мұрағаты (AWA) орналасқан. Мұнда мәліметтер 500 жылдан астам қызмет ететін құрылғыларда, мәңгілік тоңдағы терең болат қоймада сақталады.  Аталған провинцияға Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов барып, сондағы ғылыми-зерттеу қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Осы басқосу кезінде еліміздің Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны және Ата-заң Конституциясы, сонымен қоса 1991 жылы қабылданған Мемлекеттің тәуелсіздігі туралы заңы әлемдік мұрағатқа орналастырылды.  Енді еліміздің рәміздері Арктиканың болат қоймасында 5 ғасыр сақталатын болды. Елтаңбамыз — еңселі, әнұранымыз — айбарлы, туымыз — тұғырлы болғай!

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ АЙРЫҚША

Алдыңғы

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *