ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

 

Тәу  етер Тәуелсіздігіміз бен айбарлы азаттығымыздың айтулы мерекесі Қазақстан Республикасы. 30 жылдығы қарсаңында «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атануы мен Халықаралық қазақ – түрік университетінің 30 жылдығына арналған Түркістан қаласында өткен  ҚР ХІ-ші жазғы Универсиада ойындарына  еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген жоғары оқу орындарының студен жастарынан құралғаг  командалары қатысып бақ сынады.  Аталмыш додаға Шымкент қаласынан Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы  университетінің  «Денешынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Құрымбаев Ержігіт бастаған бір топ студент жастар спорттың бокс  түрінен сынға түсіп, қаламыздың намысын қорғады. Спортты жандарына серік еткен жастарымыз  Раушан Данияр,  Нысан Даулет,  Сейфулла Бағжан сынды студенттеріміз бокс сайсына қатысқан 11 команда арасында 5-ші орын иеленіп,  жекеленген өз салмақ дәрежелерінде жүлделі 2-ші орынға ие болды. Үшінші мегаполисте  бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген жұмыстардың атқарылып жатқаны көңіл қуантады.  Спорттың қай түрімен айналысамын деген әрбір жасқа ерекше жағдай жасалып, сайыпқыран спортшы жастарымыздың еліміздің атын әлемге танытуға үлкен мүмкіндікьер беріліп отыр.  Бұл Тәуелсіздігіміздің жемісі деп білеміз.  Ал өз кезегінде жеңіспен оралған жастарымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

ЕКПЕ САЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

ЕМХАНАЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *