ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЕМХАНАЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күшейген тұсында мегаполистегі барлық емханалар  халыққа күшейтілген режимде жұмыс жасап келеді.  Шымкент қаласындағы  №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап, ем жүргізіп жатыр.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.  Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.
Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтамасыз етіліп, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етілген.
Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *