ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЕКПЕ САЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгінгі таңда елімізде эпидемиологиялық ахуалдың күшейіп бара жатқанын жақсы білеміз. Аурудың алдын алу мақсатында  шырайлы қаламызда тұрғындардың  саналы түрде екпе алуы күн санап артып келеді. Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4641 қала тұрғыны  вакцина алған.  I компонент – 2671 адам, II компонент – 1970 адам алды.  Егу науқаны басталғалы барлығы 315 332 адам вакциналанды. Оның ішінде 190 928 адам вакцинаның екі компонентін де алған.   11 шілде күні қалада КВИ-дің 264 жағдайы тіркелді. 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 163 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1776 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %.
2021 жылғы 11 шілде күні шаһарда 323 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 40-тан астам вакциналау бекеті жұмыс істеп тұрғанын тағыда еске саламыз.  Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді  қатаң сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.  Шымкент қаласы  екпе алуда еліміз бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан өңірдің бірі. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жақындарымызға жанашыр болайық!

БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ ҚАЛАМЫЗДЫҢ СТУДЕНТ ЖАСТАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Алдыңғы

ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *