ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЕР-АНА» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 
           Шырайлы Шымкент қаласы қашанда  жаңашылдық пен игі бстамалардың көш басында келеді. Қаламызда медицина саласы қарқынды дамып, халық денсаулығын нығайтуға  жұмыс жасайтын қаламызда  тағы бір медициналық орталықпен толығып отыр.
Кәсіпкердің  қолдауымен  Елорда мерекесі қарсаңында  «Ер-АНА» медициналық орталығын ашылып, ел игілігіне берілді.  Медициналық орталықтың ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан мырза қатысып, орталықты  салтанатты түрде ашып берді. 
Жаңадан ашылған медициналық орталықта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіп, диагностика жасалады. Сонымен бірге мұнда оңалту орталығы да бар. Кинезитерапия, роботты механотерапия, массаж, оңалту аппараттары, физиотерапия  емдерін қабылдауға болады. Бұдан бөлек орталықта Diers Formetrik 4D оңалту құрылғысы орнатылған. Бұл аппараттың ерекшелігі радиация бөлмейді, жүкті әйелдер мен балаларды тексеруге қолайлы.
Заманауи, талапқа сай технологиямен жабдықталған орталық тұрғындарға сапалы дәрігерлік қызмет көрсететілетін болады. Онда 20 жылдан аса тәжирәбесі бар мамандар қызмет етеді.
“Ер-Ана” медициналық орталығы Ақпан батыр көшесінің бойында  орналасқан.

 ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ СӘТТІ СПОРТ ДОДАСЫ БОЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *