ЖаңалықтарСпорт

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ СӘТТІ СПОРТ ДОДАСЫ БОЛДЫ

      Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.  Брифинг барысында Шыңғыс Жұмабекұлы өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде және салауатты өмір салтын насихаттауда «Шымкент жастар лигасы» жобасының маңызы ерекше екенін айтып өтті.
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысын жылдың ең сәтті әлеуметтік жобаларының бірі деп айтуға толық негіз бар. Қала тарихында алғаш рет қолға алынған ауқымды спорттық шара мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында өткізілді. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысты. Спорттың футбол, волейбол, баскетбол түрлерінен, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті.
Жеңімпаз төрт команданың әрқайсысына демеушілер есебінен 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клуб мүшелеріне  велосипедтер тарту етілді. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Шымкент жастар лигасы» жобасының келесі жылы да жалғасатынын айтты. Демек, бұл – бұқаралық спортқа серпін беретін болашағы бар жоба, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» – еліміздің өзге өңірлерінде де көпшіліктің қызығушылығын арттырған әрі салауатты өмірді насихаттауға септігін тигізген бірегей жоба. Үш айға созылған спорт додасының алғашқы кезеңі 1 маусымда өз мәресіне жетті. Лиганың нәтижесінде шахматтан І орынды №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Ал баскетболдан №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы, волейболдан № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы және футболдан № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ фан-клубтар арасындағы бәсекеде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы үздік шықты.
үгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Брифинг барысында Шыңғыс Жұмабекұлы өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде және салауатты өмір салтын насихаттауда «Шымкент жастар лигасы» жобасының маңызы ерекше екенін атап өтті.
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысын жылдың ең сәтті әлеуметтік жобаларының бірі деп айтуға толық негіз бар. Қала тарихында алғаш рет қолға алынған ауқымды спорттық шара мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында өткізілді. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысты. Спорттың футбол, волейбол, баскетбол түрлерінен, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті.
Жеңімпаз төрт команданың әрқайсысына демеушілер есебінен 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Шымкент жастар лигасы» жобасының келесі жылы да жалғасатынын айтты. Демек, бұл – бұқаралық спортқа серпін беретін болашағы бар жоба, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» – еліміздің өзге өңірлерінде де көпшіліктің қызығушылығын арттырған әрі салауатты өмірді насихаттауға септігін тигізген бірегей жоба болып отыр. Үш айға созылған спорт додасының алғашқы кезеңі 1 маусымда өз мәресіне жетті. Лиганың нәтижесінде шахматтан І орынды №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Ал баскетболдан №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы, волейболдан № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы және футболдан № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ фан-клубтар арасындағы бәсекеде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы үздік шықты.

ШЫМКЕНТТЕ «ЕР-АНА» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨЛКЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *