Басты ақпаратТехнологияЭкономика

 ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылып,  өз жұмыстарын бастады.   Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қатысып,  Тәуелсіздігіміздің символы  мен еліміздің жүрегі болған Елорда мерекесімен құттықтап, Үшінші мегаполисте атқарылып жатқан ауқымды жобалар туралы тоқталып өтті.  Қала басшысы шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға ерекше үлес қосып отырған   кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына  толағай табыстар тіледі.
Іске асқан жобалар ел Тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып, Шымкент қаласының Елордаға жасаған мерекелік тартуы саналады.
Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.
Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде 6 жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты.
Ауыл шаруашылығы саласында 5 жоба өз  жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал шаруашылығы жобалары жүзеге асып келеді.
Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет  атқарып келеді.   Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Былтырғы жылдың қорытындысымен салыстырғанда қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, даму көрсеткіштері байқалады.  Тәуелсіздік жылдары ішінде Шымкент қаласының экономикасына 2,5 трлн. теңгенің инвестициясы тартылса, шет елдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асып, қаланың өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқаны байқалады.

ШЫМКЕНТТЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «ЕР-АНА» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *