ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

 

Шахмат ойлылар ойнайтын спорт түрі.

Шахмат – ақылдың азабы деген екен мықты әлемнің белгілі шахматшысы — Гарри Каспаров.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастыруда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс алдағы шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.  Іс шараның мақсаты — халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау.Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мемлекеттік бюджеттен еш қаржысыз ұйымдастырылады. Жарыс «Black Rock Business»ЖШС-нің демеушілігімен өтеді. Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ. Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайтынан толық мәліметтер алуға болады.


 

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *