ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы № 3 қалалық аурухана базасында тәулік бойы қызмет ететін II деңгейлі инсульт орталығы  ашылып,  науқастарға жедел медициналық көмек көрсетілуде.  Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңа емхананың жұмысы жанданып келеді. Қаланың шалғай ауданында орналасқан  орталықта дәрігерлер инсульт алған науқастарға емдеу шаралын жүргізуде. Аурухана базасында ауыр халдегі науқастарға жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңадан компьютерлік томография, ИВЛ, т.б., аппараттары орнатылған. Сондай-ақ, емдеу мекемесінде жоғары дәрежелі білікті невролог, нейрохирург мамандары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда аурухананың инсульт орталығында 38 науқасқа медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 31 науқас ишемиялық, 7 науқас геморрогиялық инсульт диагнозымен емделді. Сондай-ақ, 7 науқас жан сақтау бөлімшесіне өте ауыр жағдайда түскен, ем қабылдау барысында жағдайы жақсарып нейроинсульт орталығына ауыстырылып,  төрт  науқасқа ота жасалған. Еліміздегі медицина саласы қарқынды дамып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тақаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы басымдықтарды жүзеге асыруда Үшінші мегаполис алдыңғы қатардан көрініп келеді.

 

ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Алдыңғы

Халық қалаулылары құрылыс жұмыстарымен танысты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *