Жаңалықтар

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ: ӘДЕБИЕТ ПЕН ЖИ ІЗДЕНІСІ

«ЖИ: ойлаудан – өндіруге!» айдары аясында 8 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Якуб Жазираның ұйымдастыруымен Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауының көркемдік ерекшелігі тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өтті. Заманауи білім беруде ұлттық әдеби мұраны жаңа технологиялармен ұштастыру – оқушының ойлау өрісін кеңейтіп, ұлттық болмысын терең танытуға бағытталған жүйелі педагогикалық еңбек. Мұғалімнің әрбір әдістемелік шешімі «Еңбек адамы» мен «Адал азамат» қағидаттарын сабақ мазмұнына табиғи сіңіруге қызмет етеді.

Сабақ барысында «Дирижер», «Көркем сөзден – визуалды бейнеге», «Аманат капсуласы» әдістері тиімді қолданылды. Оқушылар ChatGPT көмегімен ақынның көркем сөзін визуалды бейнеге айналдырып, көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын жан-жақты талдады. Мұндағы басты ерекшелік – жасанды интеллект дайын ойды алмастыратын құрал емес, оқушының мәтінмен жұмыс істеуін, салыстыруын, талдауын және өз еңбегімен жаңа мазмұн түзуін қолдайтын көмекші. Оқушылар толғаудағы рухани және материалдық құндылықтарды бүгінгі өмірмен байланыстырып, дербес ой түйді.

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы тарихи таным мен заман бейнесін қазіргі оқушының санасына жеткізу ұстаздан зор біліктілік пен шынайы ынтаны талап етеді. Педагогтің бағыт-бағдары арқылы оқушылар дайын тұжырымға немесе масылдық, патерналистік көңіл-күйге сүйенбей, өзіндік пікір қалыптастырып, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйренеді. Әдебиет пен цифрлық сауаттылықтың үндесуі жасөспірімдердің ізденімпаздығын арттырып, күрделі мәтіндерді терең түсінуге жол ашады.

Сонымен қатар, цифрлық технологияларды классикалық әдебиетпен ұштастыру оқушылардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өз бетінше еңбек ету, ақпаратты сараптау және жауапкершілікпен шешім қабылдау қабілеттерін шыңдай түседі.

Күнделікті сабақта әдістемелік жаңалықтарды меңгеріп, әр баланың жүрегіне жол табатын ұстаздың еңбегі – қоғамдағы адал еңбектің нақты үлгісі. Ұстаз шәкіртке сөз қадірін ұғындыра отырып, ішкі тәртіпті, жауапкершілікті және өз ісіне адалдықты қалыптастырады.

Сабақтың басты тағылымы – тарихты танып қана қоймай, бабалар аманатының қадірін түсіну, ұлттық құндылықтарды болашаққа жеткізу. Төл әдебиетті заманауи тәсілмен оқыту арқылы еліміздің ертеңі – тамыры терең, еңбекқор және жауапты адал азаматтар тәрбиеленеді.

КІТАП ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ: «ӨРЛЕУ» ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНДА «ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *