Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ІЗДЕНІСІ: №141 МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Білім беру үдерісінде әр оқушының жеке ерекшелігін, қабілеті мен оқу қарқынын ескеру – сапалы білім беру мен тәрбиенің маңызды шарты. Осы бағытта педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Саралау түрлері: оқыту үдерісінде тиімді қолдану жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған мазмұнды іс-шара №141 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткізілді. Мемлекеттік деңгейдегі «Еңбек адамы» идеологиясы мен «Адал азамат» тұжырымдамасын мектеп тәжірибесімен үйлестірген бұл шара ұстаздың күнделікті кәсіби ізденісі мен маңдай тер еңбегін айқын көрсетті. Әрбір сабақтың сапасы мен нәтижесі ұстаздың тынымсыз дайындығына, біліктілігіне және оқушыға деген шынайы жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Семинар барысында саралаудың негізгі түрлері, оларды сабақ барысында тиімді қолдану жолдары, қысқа мерзімді жоспарға саралау тәсілдерін кіріктіру және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Педагогтің еңбегі – үздіксіз оқуды, әдістемелік жаңалықты игеруді және әр балаға жеке жол табуды талап ететін жауапты қызмет. Мұғалім оқушыны дайын нәтижеге немесе масылдық, патерналистік көңіл-күйге емес, өз қабілеті мен адал еңбегіне сүйеніп, ішкі тәртіппен алға жылжуға бағыттайды. Оқушы өз еңбегінің нақты нәтижесін көрген сайын табандылық пен дербестікке үйренеді.

Іс-шараға бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, тарих, математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндерінің педагогтері белсене қатысты. Секциялық жұмыстар аясында мұғалімдер практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оқушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау, білім алушылардың белсенділігін арттыру және әрқайсысына қолайлы оқу ортасын қалыптастыру жолдарын талқылады.

Күнделікті сабақ пен әдістемелік ізденісті қатар алып жүрген педагогтердің еңбегі – қоғамдағы адал еңбектің нақты үлгісі. Ұстаздың кәсіби жауапкершілігі әр оқушының өз еңбегінің қадірін түсінуіне, тәртіп пен табандылықты бойына сіңіруіне тікелей ықпал етеді.

Осындай жүйелі жұмыстар мұғалім еңбегінің мәртебесін арттырып, білім сапасын нығайтуға және еңбекқор, жауапты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге берік негіз қалайды. Бұл бағыттағы еңбек болашаққа сенімді қадам басатын адал азаматтарды қалыптастыруға қызмет етеді.

ПЕДАГОГТІК ШЕБЕРЛІК ПЕН ІЗДЕНІС: 5 «З» СЫНЫБЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *