Жаңалықтар

ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

Қоғамда еңбек культін қалыптастыру, қаламыздың мәдени-рухани өміріне елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарының құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың әлеуметтік-еңбек мүдделерін қорғау – кәсіподақ қозғалысының басты басымдықтарының бірі. Еңбек қатынастарын реттеуде, жұмыскерлерге заңнамалық жаңалықтарды уақтылы түсіндіруде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнату шешуші рөл атқарады.

Осы бағытта «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің («Қызмет») Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы» КММ ұжымымен арнайы кездесу өткізді.

Басқосудың басты мақсаты – еңбек заңнамасына енгізілген соны өзгерістерді түсіндіру, еңбек жағдайларын зерделеу және кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту болды.

Кездесу барысында филиал төрағасы 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне бірнеше нормативтік-құқықтық актілермен елеулі түзетулер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, еңбек қатынастарын реттеуге тікелей бағытталған негізгі жаңашылдықтар 2026 жылғы 7 сәуірдегі №277-VIII және 3 маусымдағы №295-VIII Заңдарында көрініс тапқаны жеткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет, цифрландыру процестері мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салалары бойынша да Еңбек кодексінің жекелеген баптарына енгізілген толықтырулардың мән-жайы кеңінен баяндалды.

«Еңбек заңнамасын терең түсіну – әрбір еңбек адамының өз құқықтарын сенімді қорғауына жол ашады. Қоғамда масылдық көңіл-күйге жол бермей, әлеуметтік әріптестік пен адал еңбек құндылықтарын ту ету – тұрақтылықтың кепілі. Кәсіподақ әрдайым жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғаудың алдыңғы шебінде тұрады.»

Ашық пікірлесу форматында өткен жиында мекеме қызметкерлері еңбек құқығы, жұмыс уақытының режимі, әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты әрі заңнамаға сәйкес тұщымды жауаптар алды.

Мұндай жүделі кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын ширатуға және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының Шымкент қаласында сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге зор ықпал етеді.

ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ БЕРІК ҚОРҒАНЫ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕГІ №2 ОРТАЛЫҚТА АЛТЫН КҮЗДІҢ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ҮНДЕСТІГІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *