Жаңалықтар

ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ БЕРІК ҚОРҒАНЫ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Қоғамда еңбек культін қалыптастыру, өз ісінің кәсіби шеберлерін ұлықтау, қарапайым жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру және олардың әлеуметтік-құқықтық мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы. Бұл орайда Шымкент қаласындағы кәсіподақ ұйымдары еңбек адамы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпірге айналып, әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында кешенді жұмыстарды қарқынды жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен оның құрамындағы «Қызмет», «Yntymaq» сияқты салалық кәсіподақ филиалдары өндіріс орындарында, білім беру, денсаулық сақтау, архив, мәдениет және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінде адал маңдай терін төгіп жүрген еңбеккерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Кәсіподақ қозғалысының басты миссиясы – жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, лайықты жалақы төленуін қадағалау, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және ұжымдық шарттардың сапасын арттыру. Осы бағытта өңірде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында еңбек ұжымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, жұмысшылардың мұң-муқтажы тікелей өндірістік алаңдарда зерделенуде.

«Шынайы еңбек адамы – бұл ел экономикасы мен тұрақтылығының берік тірегі. Қоғамда патерналистік көңіл-күйден, масылдықтан арылып, адал еңбекпен табыс табудың үлгісін көрсетіп жүрген мамандарды ардақтау – басты міндетіміз. Кәсіподақ әрқашан еңбек адамының заңды құқықтары мен абыройын қорғаудың алдыңғы шебінде тұрады.»

Сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген соны өзгерістерді, оның ішінде 2026 жылғы сәуір және маусым айларындағы жаңа түзетулерді еңбек ұжымдарына егжей-тегжейлі түсіндіру бойынша жүйелі семинарлар мен оқыту сағаттары ұйымдастырылуда. Қызметкерлердің жеке өміріне қолсұғылмаушылық, қысым көрсетуге жол бермеу, «жалғызбасты ата-ана» мәртебесін қорғау және медициналық тексеруден өту уақытын сақтау нормалары құқықтық ағарту жұмыстарының өзегіне айналды.

Ел игілігі жолында аянбай тер төгіп жүрген білім беру саласының майталмандары, әлеуметтік қызметкерлер, архив мамандары мен коммуналдық сала жұмысшылары «Еңбек озаты» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен марапатталып, олардың қоғамдағы мәртебесі биіктеуде. Еңбек адамын ардақтау – тұрақты әрі әділетті Қазақстанды құрудың басты кепілі болып қала береді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Алдыңғы

ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *