Жаңалықтар

АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШУДА

Түркістан облысында ауыл жастарының спортпен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға ерекше мән берілуде.
Конституцияның 33-бабында азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы бекітілген. Бұл қағида жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына да үлкен мүмкіндік береді.
Бүгінде ауылдарда спорт алаңдарының, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің және заманауи спорт нысандарының қатары артып келеді.
Мұның жақсы мысалы – Түркістан облысының елді мекендерінде бұқаралық спорттың кеңінен дамуы. Ауыл балалары футбол, волейбол, күрес, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерімен айналысып, облыстық және республикалық жарыстарда өңір намысын қорғап жүр.
Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, жас адамның тәртібін қалыптастырып, мақсатқа ұмтылуына ықпал ететін маңызды құрал.
Бүгін ауылдағы спорт алаңында жаттыққан бала – ертең ел намысын халықаралық аренада қорғайтын спортшы болуы мүмкін.
Жастарға мүмкіндік беру – болашаққа инвестиция.

Алматыда ЖИ дәуіріндегі болашақ туралы ауқымды халықаралық диалог өтеді

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *