Жаңа Конституцияның 26-бабында меншікке, оның ішінде заңды түрде алынған мүлікке кепілдік беріліп, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі бекітілген.
Бұл норма ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Өйткені жер, өндірістік құрал-жабдық, мал, ауыл шаруашылығы техникасы және басқа да заңды түрде иеленген мүлік азаматтың экономикалық белсенділігінің негізіне айналады.
Түркістан облысында халықтың 74,6 пайызы ауылдық жерде тұрады. 2026 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша облыстағы ауыл тұрғындарының саны 1,599 млн адам болды.
Сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту – өңір үшін тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар бағыт.
2026 жылдың қаңтар–маусымында Түркістан облысында 325,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 110,7 пайызды құрап, өңір осы көрсеткіш бойынша республикада бірінші орынға шықты. Осы кезеңде агроөнеркәсіптік кешенге 153,2 млрд теңге инвестиция бағытталды.
Бұл көрсеткіштер ауылдағы кәсіпкерліктің, өндірістің және инвестицияның өңір экономикасындағы орнын көрсетеді.
Конституция азаматтың меншік құқығы мен кәсіпкерлік еркіндігін бекіте отырып, ауыл тұрғынының өз шаруашылығын жүргізіп, экономикалық әлеуетін жүзеге асыруына құқықтық негіз қалыптастырады.












Comments