ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ТАРТУ: ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖЫЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Халің қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Шымкент шаһарында ерекше әрі мазмұнды жүздесу ұйымдастырылды. «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының өкілдері өздерінің белсенді мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының еңбек ұжымымен арнайы жолығып, қызметкерлердің хал-жағдайымен танысты.
Кездесу барысында еңбек ұжымындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері де талқыланды. Ашық пікір алмасу барысында кәсіподақ мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, еңбек ұжымындағы бірлікті одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия саласында еңбек етіп жүрген мамандар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, қаланың оң имиджін қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға күн сайын өз үлестерін қосып келеді. Бұл салада жоғары нәтижеге жету шығармашылық ізденісті, кәсіби шеберлікті және өз ісіне деген адалдықты талап етеді. Осындай еңбек адамдарының табанды еңбегі Шымкенттің тартымды туристік орталық ретінде дамуына ықпал етуде.
Қарапайым еңбек адамдарының кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттау қоғамда адал еңбекке деген құрметті арттырып, жастарды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және жаңашылдыққа баулиды. Өз міндетін абыроймен атқарып жүрген мамандардың тәжірибесі мен еңбегі – табысқа жетудің басты жолы маңдай тер мен үздіксіз ізденісте екенін дәлелдейді.
Еңбек адамының беделін көтеруге бағытталған осындай бастамалар патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне оң әсер етіп, өз қабілеті мен еңбегіне сенетін белсенді қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан еңбек адамын ұлықтау, олардың еңбегі мен жетістіктерін дәріптеу – еңбек құндылықтарын нығайтудың және елдің тұрақты дамуына үлес қосудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Бұл кездесудің мәні де, сәні де бөлек болды. Өйткені, жүздесу айтулы мереке – 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен тұспа-тұс келді. Ұжымды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жылы лебізін білдіріп, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелерін арнайы марапаттармен ұлықтады.
Елеулі еңбектің лайықты бағасы:
— «Еңбек озаты» төсбелгісімен: Қонысбаева Перизат Тайбекқызы;
— «Құрмет грамотасымен»: Мехитбаев Нұржігіт Кәрімбердыұлы және Тазабек Еркін Қайратұлы;
— «Алғыс хатпен»: Сайрамбай Нәзік Ақылбекқызы мен Патшахан Әлбина Батуханқызы марапатталды.
Мұндай игі шаралар кәсіподақ пен еңбек адамдарының арасындағы алтын көпірді нығайтып, әрбір қызметкердің өз жұмысына деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз. Мерекелік марапаттар құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды»

Алдыңғы

ПОДАРОК КО ДНЮ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО: В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛАСЬ ТЕПЛАЯ ВСТРЕЧА С КОЛЛЕКТИВОМ УПРАВЛЕНИЯ ТУРИЗМА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *