ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан полициясының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Мегаполис басшысы полиция қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адал қызметі, жоғары кәсібилігі мен антқа беріктігі үшін алғыс білдірді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі полицияның маңызды рөлін атап өтіп, «Заң және Тәртіп» қағидаты қоғам тұрақтылығының негізі екенін айтты.
Іс-шара барысында қала әкімі қызметін үлгілі атқарған полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген полицияның қоғамдық көмекшілері мен белсенді азаматтарға да естелік марапаттар табысталды.
Қала әкімі полиция қызметкерлері алдағы уақытта да өз міндеттерін абыроймен атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтардың құқығын қорғау жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.
Мерекелік іс-шара жергілікті өнерпаздар қатысқан концерттік бағдарламамен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Полиция қызметі – жоғары жауапкершілікті, табандылықты және кәсіби даярлықты талап ететін маңызды мамандықтардың бірі. Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң үстемдігін нығайту жолындағы қызметкерлердің еңбегі қоғамның тұрақты дамуы үшін ерекше маңызға ие. Бұл – көп жағдайда қауіп-қатермен бетпе-бет келуді талап ететін, бірақ ел тыныштығы үшін адал атқарылатын еңбек.
Осындай еңбек адамдарының кәсіби жетістіктерін дәріптеу қоғамда адал еңбекке деген құрметті арттырып, қарапайым қызметкерлердің ел игілігі жолындағы еңбегін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Өз қызметіне адалдық танытып, халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері жастарға жауапкершілік, тәртіп, батылдық және отансүйгіштік қасиеттердің жарқын үлгісін көрсетеді.
Еңбек адамының беделін көтеру – қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті бағалау мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мұндай шаралар еңбексүйгіштікке баулып, адал қызметтің құндылығын дәріптеуге, сондай-ақ патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне оң ықпал етеді. Еңбегімен елге қызмет етіп жүрген азаматтарды ұлықтау – қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтатын маңызды қадамдардың бірі.

В ПРЕДДВЕРИИ ДНЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО НАГРАЖДЕНЫ ЛУЧШИЕ СОТРУДНИКИ

Алдыңғы

Провокации и разжигание розни в социальных сетях абсолютно недопустимы – Генеральная прокуратура

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *