ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлеріне Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастырудағы қосқан зор үлестері үшін шынайы алғысын білдіріп, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстап, олардың қатарындағы Балтеңге Өтегенқызы Мұхаммедованы, Хамза Асанұлы Әбішевті, Азамат Рахматуллаұлы Әшімді, Алтынай Төреханқызы Мұратбекованы, Әбдиғаппар Тастамбекұлы Сатымбаевты, Ғалымжан Бейсенбайұлы Егізековті, Гүлжахан Зұлпынбекқызы Тлеуқұлованы, Гүлжан Жолбарысқызы Хманды, Несіпбек Тұрсынұлы Жанқожаевты, Асылан Нұралыұлы Әлібекті, Сымбат Жантөреқызы Қабылбекті марапаттады.
Сондай-ақ, қала, аудан әкімдерінің және мекеме басшысының аттарынан «Алғыс хаттар» табысталды.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жұмыс жағдайларын қалыптастыру бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары да сөз болды. Қызметкерлермен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Мұндай кездесулер еңбек ұжымындағы бірлікті нығайтып, кәсіподақ пен жұмыскерлер арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.
Қаланың тазалығы мен көркеюі жолында күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық сала жұмыскерлері – қоғам игілігіне өлшеусіз үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары. Олардың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің арқасында көшелер таза, саябақтар мен гүлзарлар күтімді болып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптасады. Көп жағдайда көзге көріне бермейтін осындай адал еңбек қала өмірінің қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.
Осындай қарапайым жұмысшылардың еңбегі мен жетістіктерін кеңінен насихаттау еңбек адамының қоғамдағы беделін арттырып, жастарды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және өз кәсібіне адал болуға тәрбиелейді. Өз міндетін сапалы атқарып жүрген мамандардың өнегесі адал еңбек арқылы табысқа жетуге болатынын көрсетіп, патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне оң ықпал етеді.
Еңбек адамын ұлықтау – қоғамдағы еңбек құндылығын нығайтудың маңызды қадамы. Сондықтан осындай марапаттау рәсімдері мен кездесулер қарапайым жұмыскерлердің еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, олардың кәсіби жетістіктерін кеңінен дәріптеуге, еңбек мәдениетін қалыптастыруға және ел игілігі жолында адал қызмет етудің мәртебесін арттыруға қызмет етеді.

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С СОТРУДНИКАМИ УПРАВЛЕНИЯ ЦИФРОВИЗАЦИИ

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С РАБОТНИКАМИ КАРАТАУСКОГО РАЙОНА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *