ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМНЫҢ ТЫНЫС – ТІРШІЛІГІ НАЗАРДА: ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Халің қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының өкілдері Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің ұжымымен арнайы кездесу өткізді. Бұл басқосудың басты мақсаты — еңбек ұжымының ішкі ахуалымен етене танысып, бастауыш ұйым мүшелерінің күнделікті тыныс-тіршілігін, оларды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын тікелей тыңдау болды.
Әлеуметтік әріптестікті нығайту мен әрбір еңбеккердің құқықтық әрі әлеуметтік қорғалуын бақылауда ұстайтын кәсіподақ үшін мұндай тікелей диалог алаңдарының маңызы өте зор. Жүздесу барысында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық шарттың орындалу барысы талқыланып, еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы ашық әңгіме өрбіді.
Жиын барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов сөз алып, мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен ел дамуындағы рөліне кеңінен тоқталды. Ол бастауыш ұйымның әрбір мүшесі атқарып отырған жауапты істің маңыздылығын атап өтіп, ұжымды келе жатқан «23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен жылы лебізбен құттықтады. Төраға өз сөзінде кәсіподақтың күші — оның бастауыш ұйымдарының белсенділігі мен бірлігінде екенін, сондықтан әрбір қызметкердің әл-ауқаты мен еңбек етуіне қолайлы орта жасау ұйымның басты назарында қала беретінін жеткізді.
Мерекелік шара аясында кәсіподақ жұмысын жандандыруға және мекеменің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар белсенді қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Өз ісінің нағыз шебері атанып, еңбекте жоғары нәтижелер көрсете білген Берік Мамырұлы Натбай мен Сабира Егізбайқызы Жүсіпова филиалдың жоғары марапаты — «Еңбек озаты» төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды. Сонымен қатар, кәсіподақ өміріне белсене араласып, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан Салтанат Амантайқызы Орынбековаға арнайы «Құрмет грамотасы» табыс етілді.
Бастауыш ұйым мүшелерінің еңбегін елеп, осындай марапаттармен жігерлендіру шарасы ұжымның рухын көтеріп, алдағы жұмысқа деген құлшыныстарын арттыра түскені анық.
Департамент қызметкерлері де өз кезегінде аталмыш акция аясында көрсетілген қолдау мен шынайы қамқорлық үшін кәсіподақ басшылығына ризашылықтарын білдірді.

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С СОТРУДНИКАМИ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ИНСПЕКЦИИ ТРУДА

Алдыңғы

ЖИЗНЬ ПЕРВИЧНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ — В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ: В ДЕПАРТАМЕНТЕ КАЗНАЧЕЙСТВА ПРОШЛА ВСТРЕЧА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *