ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің хал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мемлекеттік қызметтің тарихына тоқталып, қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» және «Шымкент қаласының қала күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне: Шалқар Берікбайұлы Бейсембаевқа, Айгерім Асқарқызы Өтееваға, Саида Әділханқызы Момбековаға филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстады.
Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, еңбек ұжымындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Дін саласында қызмет ететін мамандар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және рухани құндылықтарды дәріптеуге күнделікті өз үлестерін қосып келеді. Бұл – жоғары жауапкершілікті, кәсіби даярлықты және адал еңбекті талап ететін маңызды қызмет. Осындай еңбек адамдарының кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттау қоғамда еңбекке деген құрметті арттырып, әрбір маманның ел дамуына қосқан үлесін лайықты бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жастар арасында еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен адал қызмет қағидаттарын қалыптастырудың маңызы зор. Өз еңбегімен табысқа жеткен азаматтарды үлгі ету еңбек адамының оң бейнесін нығайтып, патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне ықпал етеді. Әрбір маманның кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі қоғамның тұрақты дамуының негізі болып табылады.
Осындай кездесулер кәсіподақ мүшелерімен ашық диалог орнатуға, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге, еңбек ұжымдарының бірлігін нығайтуға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған жұмыстардың тиімділігін күшейте түседі. Бұл өз кезегінде еңбек мәдениетін қалыптастыруға және адал еңбек құндылықтарын кеңінен дәріптеуге оң әсерін тигізеді.

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ СФЕРЫ КУЛЬТУРЫ

Алдыңғы

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ СФЕРЫ РЕЛИГИИ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *