ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және ұжымдық бірлікті нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстары да кеңінен сөз болды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, кәсіподақтың қолдау тетіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат алды.
Мәдениет саласының мамандары – қоғамның рухани құндылықтарын сақтап, ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқаратын еңбек адамдары. Олардың күнделікті кәсіби еңбегі мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тарихи құжаттар мен архив қорларын сақтау ісіне және елдің рухани әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осындай адал еңбекті дәріптеу қоғамда еңбек адамының беделін арттырып, қарапайым жұмысшылардың кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жастар арасында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және кәсіби біліктілікті жоғары бағалау мәдениетін қалыптастыру бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Еңбек арқылы жетістікке жетудің жарқын үлгілерін көрсету патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың алдын алып, азаматтардың өз қабілеті мен еңбегіне сүйеніп дамуына оң ықпал етеді. Осындай кездесулер еңбекке деген құрметті арттырып, әрбір маманның қоғам игілігі жолындағы еңбегінің маңызын айқындай түседі.
«Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, кәсіподақ мүшелерімен ашық диалог орнату, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және еңбек ұжымдарының бірлігін нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мемлекеттік қызметтің тарихына тоқталып, қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» және «Шымкент қаласының қала күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді қызметкерлерге филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
— «Еңбек озаты» төсбелгісімен Айтжанова Сәуле Қуандыққызы;
— «Құрмет грамотасымен» Сайлау Нұрашқан Қанатұлы, Тұрсынқұлова Динара Серікқызы;
— «Алғыс хатпен» Қожақ Толғанай Әкімқызы, Жантелиева Сәуле Кендірбекқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

ЧЕЛОВЕК ТРУДА ПУТЬ ПОУЧИТЕЛЬНОЙ ЖИЗНИ: ЗАБОТЛИВЫЙ ЦЕЛИТЕЛЬ И ПОКРОВИТЕЛЬ СПОРТА МАФТУНА МУРАДЖАНОВНА

Алдыңғы

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ СФЕРЫ КУЛЬТУРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *